Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Құрылтай атауын сақтаудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Президенттің айтуынша, болашақ Парламентке «Құрылтай» атауын беру орынды.
«Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Оның тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға жақын әрі түсінікті. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтауымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бір палаталы Парламент туралы бастаманы халық қолдап отырғанын атап өтті.
Тағы оқыңыз: Ұлттық құрылтай ауқымды реформалардың басты қозғаушы күшіне айналды

