Милан–Кортина–2026 қысқы Паралимпиадасының басталуына 4 күн қалды. Дүбірлі додада солтүсікқазақстандықтар жүлде үшін таласады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биылғы дүбірлі додада ұлттық құрама пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада бақ таластыратын жеті спортшының төртеуі — солтүстікқазақстандық.

Құрама сапындағы ең жас спортшы – пара шаңғы жарысында өнер көрсететін Владислав Кобаль. Ол небәрі 17 жаста. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен мүшесі – пара шаңғы және пара биатлоннан бақ сынайтын жерлесіміз Сергей Усольцев. Оның жасы — 51-де.

Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрамадағы танымал спортшылардың бірі — Александр Герлиц. Ол 2022 жылғы Бейжің Қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов болса пара биатлон мен пара шаңғыдан өнер көрсетеді. Осы екі толағайымыздан жанкүйерлер зор үміт күтуде.

Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары 6–16 наурыз аралығында Италияда өтеді. Байрақты додаға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 100-ден астам оқушы қазақ тілінен білімдерін сынады  

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *