Солтүстік Қазақстан облысында Италияда өтетін 14-ші қысқы паралимпиада ойындарына спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу жиыны өтті. Осы жолы ел намысын солтүстік өңірдің бес спортшысы қорғайтын болады, деп жазады Qazaqstan Media.

6-15 наурыз аралығында Италияда өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына еліміз жалпы 10 лицензия алыпы.  Оның жетеуін солтүстікқазақстандық  спортшылар иеленіп отыр. Бес лицензия  шаңғы жарысынан, екеуі – биатлон бойынша. Ұлттық команда құрамында Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Владислав Кобаль өнер көрсетеді. Ал,  17-ші ақпан күні қосымша қатысушылар туралы хабарланады. Оған тағы бір жерлесіміз Денис Зинов енуі мүмкін.

Паралимпиада ойындарына СҚО-дан бес спортшы қатысады
Паралимпиада ойындарына СҚО-дан бес спортшы қатысады

«Сіздерді жеңіп алған лицензияларыңызбен құттықтаймын. Сіздердің еңбектеріңіз бен жеңіске деген ынталарыңыз қайсар рух пен асқақ мақсатқа ұмтылысты көрсетеді. Сіздердің жеңістеріңіз спорттағы жетістік қана емес, барлық қоғамға қиындықты жеңудің үлгісі», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Көк байрағымызды желбіретеді деген үмітті  спортшылардың бірі- Ербол Хамитов деуге болады.  Әлем Кубогының финалында ол әлем кубогының хрусталь глобусын жеңіп алған Қазақстанның алғашқы өкілі болды. Белгілі Солтүстік Қазақстан спортшысы жұртшылық пен өңір басшысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Солтүстік Қазақстан облысының паралимпиадалық құрамасының атынан біз көмек үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Біз елдің сенімін ақтап, туымызды лайықты көтеру үшін бәрін жасаймыз. Мен үшін спорт — бұл өмір, ол маған сенімділікті қайтарып, берілмеуге үйретті. Біз, спортшылар, осы құндылықтарды өз еңбегімізбен және нәтижемізбен растауға тырысамыз», — деді ол.

Кездесуде Александр Герлиц те сөз сөйледі. Ол біздің облысты қысқы спорт түрлерінде де ұсынады. 2022 жылы Бейжіңде өткен Паралимпиада ойындарының қола медаль иегері. Александр әр спортшы үшін моральдық қолдау өте маңызды екенін атап өтті.

Паралимпиада ойындарына СҚО-дан бес спортшы қатысады
Паралимпиада ойындарына СҚО-дан бес спортшы қатысады

«Бізді шақырғаныңыз үшін рахмет. Спортшылар үшін мұндай қолдау сөздері өте маңызды. Бұл үлкен масштабтағы оқиға және біздің барлығымыздың бір мақсатымыз бар — жоғары нәтиже көрсету.Біз өз облысымызды және бүкіл Қазақстанды лайықты танытатын боламыз», — деп атап өтті ол.

Тағы оқыңыз: Бүйрегінен айырылды бірақ, аман қалды. СҚО-да ер адамға ауыр ота жасалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *