Пайғамбар шашы

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның мүбарак шашы Көкшетау қаласынан шаһарымыздағы ислам мәдениеті музейіне әкелінді. Бұл тәбәрікті алғашқылардың бірі болып көруге, орталық Қызылжар мешітінің жас шәкірттері келді, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның мүбарак шашының сақталу тарихы тереңде жатыр. Ол сонау Әмір Темір заманынан бастау алады, оны сол кездегі ғұлама ғалымның ұрпақтары сақтаған екен. Тіпті, бұл көне жәдігердің соңғы пайғамбарға тиесілі екенін айғақтайтын арнайы құжаты да бар. Бұл тәбәріктің иесі Шымкент қаласының тұрғыны. Оған бұл құнды затты өзбекстандық ислам ғалымдары сыйлаған.

Пайғамбар шашы

«Пайғамбар өмір сүрген заманда Хива, Қоқан хандықтары болды. Оның шашы сол Қоқандық бір ғалымның үйінде сақталды. Ғалым болса  қазақстандық, қожа ұрпағымен жақсы қарым-қатынаста болған екен. Ал, о дүниеге аттанар кезінде бұл шашты баласына қалдырып, Қазақстандағы  Әбіләзі отбасына беруді тапсырған», — дейді «Қазақстан қажылар қауымдастығы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Қалиолла Маджанов.

Пайғамбар шашы

СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлының айтуынша, соңғы пайғамбар Мұхаммед  Мұстафаның мүбарак шашы облыс орталығында оқылатын тасаттық намазына орай арнайы жеткізілген. Кейін  темір құтыда сақталған көне жәдігер қайтадан иесіне қайтарылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көктемгі дала жұмыстары аяқталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x