Оқиға Петропавлдағы В. Васильев көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Пәтерге кірген құтқарушылар әлсіреп жүре алмай қалған 70 жастағы қарияға көмектесті, деп жазады Qazaqstan Media .

Құтқарушыларды Петропавл тұрғыны шақырған. Ол туысқаны болып келетін кейуананың жағдайын білуге келеді. Пәтердің есігін ұзақ қағып, ешкім ашпағасын алаңдап мамандарды шақырыпты.

«Жедел-құтқару жасағы оқиға орнына жылдам жетіп, альпинистік жабдықтың көмегімен төртінші қабаттың балконынан үшінші қабатқа түсіп, пәтерге кірді. Ішке енген кезде құтқарушылар 1955 жылы туған әйелді жәрдемсіз күйде тапқан. Оның өздігінен тұруға шамасы болмаған»,- деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар зардап шеккен адамды дереу медицина қызметкерлеріне табыстады. Қазір қарт әйел ауруханада жатыр. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда жол апатына түскен азамат ауыр халде жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *