Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов байрақты додаларда ел намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен спортшыларды марапаттады. Петропавлдың орталық алаңына жиналған қауым оларға қошемет көрсетіп, құттықтап жатты. Qazaqstan Media тілшісі де осынау тамаша сәттің куәсі болып қайтты.

Петропавлдың орталық алаңына Наурыз мейрамын тойлау үшін жиналған халықтың қарасы қалың. Олар жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалап, бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жатты.

Пәтер, көлік және ақшалай сертификаттар: СҚО әкімі спортшыларды марапаттады

Осынау мерекеде спортшыларымызға да ерекше сый-құрмет көрсетілді. Бұл күні байрақты додаларда ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген бес жерлесімізді өңір жетекшісі марапаттады.

Тарихи жеңіс

Ғауез Нұрмұханбетов жақында ғана қатарынан өткен бірнеше жарыста жеңіске жетіп, «Хрусталь глобусқа» қол жеткізген пара биатлоншы Ербол Хамитовке Haval автокөлігін сыйлады.

 

Пәтер, көлік және ақшалай сертификаттар: СҚО әкімі спортшыларды марапаттады

Енді жерлесіміз 2026 жылы Италияда өтетін Қысқы Паралимпиадада жеңіске жетуді жоспарлап отыр.

«Әлем чемпионы атану менің арманым еді. Соған қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Бұл ел үшін тарихи жеңіс болды. Ендігі арманым 2026 жылы Италияда өтетін Қысқы Паралимпиадада сәтті өнер көрсету. Соған дайындық жұмыстары басталып кетті», — деді Ербол Хамитов. 

Пәтер, көлік және ақшалай сертификаттар: СҚО әкімі спортшыларды марапаттады

Ал ақпан айында Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынған балуанымыз Мейіржан Берекетовке екі бөлмелі пәтер бұйырды.  

Пәтер, көлік және ақшалай сертификаттар: СҚО әкімі спортшыларды марапаттады

Айта кетейік, Мейіржан Берекетов «Қызылжар арландары» клубында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол Қазақстан Республикасы чемпионаты мен  5-ші Көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанған.

«Осындай сый-құрмет көрсетіп жатқан облыс әкіміне, спорт басқармасына алғысымды білдерімен. Өте қуаныштымын. Алда әлі бірталай жарыстар күтіп тұр. Оларда да жеңіс тұғырынан көріну үшін барымды саламын. Бүгінгі Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын», — деді ҚР спорт шебері Мейіржан Берекетов.

Пәтер, көлік және ақшалай сертификаттар: СҚО әкімі спортшыларды марапаттады

Бұл күні пара биатлоннан және шаңғы жарысынан әлем чемпионаты мен әлем кубогінде қола медальға ие болған Александр Герлиц, Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіру спортынан командалық спринтте қола медаль жеңіп алған Надежда Морозова және Сербияда бокстан өткен әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізген Наталья Богдановаға 1 млн теңгенің ақшалай сертификаттары табысталды.

Пәтер, көлік және ақшалай сертификаттар: СҚО әкімі спортшыларды марапаттады

Тағы оқыңыз: СҚО прокурорлары құны 26,7 млрд теңге болатын бірегей көлді қайтарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *