[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||30px|||»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/24b1626b-89a6-4cd3-84e0-5efbd8a9a990-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Биыл қаңтардан бастап Қазақстанда проактивті форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа құралы – отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Бұл — әртүрлі мелекеттік органдардың мәліметтерін жинақтау арқылы азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Отбасының цифрлық картасы электрондық хабарлама құралы ретінде қызмет етеді. Яғни, ол азаматтарға қандай мемлекеттік қолдау түрін алуға құқылы екендігі туралы ақпарат жеткізеді. Қазіргі таңда отбасының цифрлық картасы арқылы өтінішсіз жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдеуге мүмкіндік бар. Оның ішінде зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі қарастырылған.
«Мысалы отбасында бір бала дүниеге келсе, сол баланың дүниеге келуіне және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау туралы 1414 біріңғай байланыс орталығынан СМС хабарлама жіберіледі. Егер адам бұл қызметке келісімін берген жағдайда анаға өтініш және төлемді тағайындау автоматты түрде жүргізіледі. Содан кейін азаматтың банктік шотына ақша аударылады», — дейді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің СҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Гүлбақыт Манабаева.
Облыс бойынша қаңтардан бастап 800-ден астам адамға мемлекеттік қызметті проактивті форматта алу үшін СМС хабарлама жіберілді. Өтінішсіз төлем алу мүмкіндігін 112 адам пайдаланды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]