Солтүстік Қазақстанда 2023 жылы бес әйел отбасылық жанжалдың құрбаны болған. Жалпы былтыр зорлық-зомбылықтың 28 фактісі тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

Өңірде тіркелген 28 фактінің бесеуі қайғылы жағдаймен аяқталған. Тағы 10 әйелдің денсаулығына ауыр зиян келген. Мамандардың сөзінше, отбасылық жанжалдың көбі Петропавл қаласында тіркелген. Жалпы былтыр ел бойынша 50 мың адам отбасылық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікке тартылыпты. Ал 700 адамға қылмыстық іс қозғалған.

Отбасылық жанжал кезінде әйелдің денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, қол көтерген адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Яғни, ол сот шешіміне байланысты болады. Статистикаға сүйенер болсақ, отбасылық жанжалдың шығуының басты себептері ол — жұмыссыздық және әйелін қызғану”, — дейді жергілікті полиция қызметінің бас инспекторы Әсия Әбжанова.

тағы оқыңыз:СҚО полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған 22 мас жүргізушіні ұстады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x