Солтүстік Қазақстанда өрттен қаза тапқан отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Өрт болған жерге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов барды. Облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен өткізуге қажетті барлық көмекті көрсететін болады.
«Кәмелетке толмаған студентке колледж жатақханасында тегін тұру мүмкіндігі беріледі. Оған қажетті барлық психологиялық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауда болады», -делінген жазбада.
Тағы оқыңыз: Әкесі мен төрт баласының мәйіті табылды: СҚО-да болған өртке қатысты ақпарат пайда болды