Отбасылық бизнес: СҚО-да әкесі, анасы мен қызы жеңгетайлықпен айналысқаны үшін сотталды

СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан бүтін бір отбасы сотталды. Оларға көмек көрсеткен 50 жастағы ер адам да темір торға тоғытылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесі, анасы және олардың 19 жасар қызы мен отбасына көмек көрсеткен 50 жастағы ер адам сотталды. Процесс жабық жағдайда өтті. Журналистер тек үкім оқылған кезде ғана қатыстырылды.

Айыпталып отырған отағасы Леонид Шегольков осыған дейін де істі болған. Ол 2008 жылы Алматы облыстық сотының үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылып, 2021 жылы мерзімінен бұрын босап шыққан. Ағама жеңгем сай демекші, оның жұбайы Анастасия Шеголькова да Петропавл қалалық сотының үкімімен 2022 жылы жеңгетайлықпен айналысқаны үшін 4, 6 жылға шартты түрде сотталған.

Тағы да қылмысқа барған

Ол аз көрінгендей ол тағы да нақ осындай қылмыс жасаған. Бірақ бұл жолы ол жазадан оңай құтылып кетпеді.

«Сот Анастасия Шеголькованы ҚР ҚК 262 бабы 1 бөлігі (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), ҚР ҚК 126 бабы 3 бөлігі 1,2 тармақтары (Бас бостандығынан заңсыз айыру), ҚР ҚК 308 бабы 3 бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту), ҚР ҚК 125 бабы 3 бөлігі 1,2 тармақтары (Адамды ұрлау) және ҚР ҚК 309 бабы 3 бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша кінәлі деп таныды. Оның өтелмеген шартты мерзімі қосылып, жинақтала келе 14 жылға бас бостандығынан айырылсын. Мүлкі тәркіленіп, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады», — деді үкімді оқыған судья Айдарбек Беккужинов.

Отбасылық бизнес: СҚО-да әкесі, анасы мен қызы жеңгетайлықпен айналысқаны үшін сотталды

Леонид Шегольков та осы баптар бойынша кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның да мүлкі тәркіленіп, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

«Сот Элля Шеголькованы ҚР ҚК 262 бабы 2 бөлігі (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), ҚР ҚК 308 бабы 3 бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту) және ҚР ҚК 309 бабы 3 бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды. Мүлкі тәркіленіп, жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Вячеслав Романов ҚР ҚК 262 бабы 2 бөлігі, ҚР ҚК 308 бабы 3 бөлігі, ҚР ҚК 125 бабы 3 бөлігі 1,2 тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді», — деді СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Үкімді естіген Романов өзін бірден жайсыз сезініп, орындыққа отыра қалды. Ал осы уақытқа дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрген Элля Шеголькова сот залында қамауға алынды. Ал оның бір жасар қызын Қызылжар аудандық қорғаншылық және қамқорлық органдарына тапсыру ұсынылды. Мұны естіген ол көз жасына ерік берді.

«Сіздердің кінәлеріңіз сот материалдарымен толық дәлелденді. Элля Шегольковаға ҚР ҚК 125 бабы 3 бөлігі 1,2 тармақтары, яғни адам ұрлау бойынша тағылған айып алынып тасталды. Өйткені, бұл дәлелденген жоқ. Және жазаны жеңілдететін жайт ретінде Шеголькованың кішкентай баласы бары ескерілді. Сондай-ақ, сот Вячеслав Романовқа қатысты ҚР ҚК 309 бабы 3 бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тағылған айып дәлелденген жоқ деп санайды. Сот айыпталушылардың барлығының ұялы телефондарын және Вячеслав Романовқа тиесілі LADA Largus автокөлігін тәркіледі. Бұл заттарды олар қылмыс жасаған уақытта пайдаланған», — деді оқылған үкімді түсіндірген СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдарбек Беккужинов.

Отбасылық бизнес: СҚО-да әкесі, анасы мен қызы жеңгетайлықпен айналысқаны үшін сотталды

Ал ерлі-зайыпты Анастасия мен Леонид Шегольковтардың қылмысын жеңілдететін жайттар анықталмады. Оның үстіне сот үкім шығарарда олардың бұрын ауыр қылмыс жасап, істі болғандығын ескерген.

Сот процессі аяқталған соң Леонид Шегольков жәбірленушілерді балағаттап, шу шығарды.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бағдаршам белгісін елемеген 1090 жүргізуші жауапқа тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *