Бүгінгі таңда өңірде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жаппай жинау басталды. Техника паркі мен логистика 100% дайын. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.
Күзгі дала жұмыстарына литрі 254 тг бағамен 58,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Элеваторлар мен астық қабылдау орындарын 6,9 млн тонна бидай сақтауға қауқарлы.
Алқаптарда шамамен жеті мың астық жинайтын комбайн жүр. 12,3 мың трактор, 9 мың тіркеме, 4,5 мың жатка және 5,6 мың жүк көлігі жұмыс істеп тұр. Қаржылық қолдау: «Кең Дала 1 және 2» бағдарламалары бойынша — 104,3 млрд тг бөлінді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы — 31,0 млрд тг, форвард — 7,5 млрд тг берілді.
«Бүгінгі күні дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 415,7 мың гектары орылды. Бұл олардың жалпы алаңының 13,7%-ын құрайды. Орташа түсім 14,5 ц/га болғанда 602,4 мың тонна астық бастырылды. Қолайлы ауа райы және ашық күндер жеткілікті болған жағдайда орақ науқанын 30–35 күн ішінде аяқтау күтіледі», — деп нақтылады ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Тағы оқыңыз: Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: экономиканы әртараптандыру және $150 млрд тікелей инвестиция