Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.
Қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылады, 19 наурыз – соңғы күні. 20 наурызда Ораза айты мерекесі басталады. Наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні – Қадір түні. Пітір садақасы екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңге болып бекітілді.
«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық — деді Наурызбай қажы Тағанұлы алқалы отырыста.
Тағы оқыңыз: Білім беру саласындағы Конституциялық кепілдіктер

