[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Олег Александрович Иванов Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Еңбек жолын да осы жерде бастаған. Ол өзінің шағын бизнесін ашқан. Қазір Олег Иванов «Горгаз-Сервис» ЖШС-н басқарады. Азамат өңірде қандай проблемалар бар және оларды қалай шешуге болатындығын жақсы біледі, деп хабарлайды Qazaqstan Мedia тілшісі.

Биыл кәсіпкер жерлестерінің өмірін жақсартуға көмектесу үшін маңызды шешім қабылдаған. Олег Иванов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер.

«Өзгеріс емес, жақсарту». Бұл менің сайлауалды бағдарламамның ұраны. Біздің халқымыз 1985 жылдан бері өзгеріс жағдайында өмір сүріп келеді. Бұл дегеніміз, өмір ережелері белгілі бір адамдарға немесе жағдайларға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Мен халықтың адамымын, күн сайын тұрғындармен сөйлесемін және адамдардың өзгеруден шаршағанын байқадым. Биліктегілер қарапайым халықтың өмірін өзгертуге емес, жақсартуға ұмтылуы тиіс. Адамдар тұрақтылық пен күннен күнге өмір сүру деңгейі жақсарғанын қалайды. Соңғы 30 жыл ішінде әртүрлі салаларда еңбек еттім. Кәсіпкерліктен бастап ірі компанияның басшысына дейін көтерілдім. Билікке ақша немесе мансап қуу үшін барып жатқан жоқпын. Мен өңіріміздің, сіз бен біз өмір сүретін және барлық туыстарым мен жақындарым тұратын өлкеміздің өмірін жақсартқым келеді. Бұл үшін менде өмірлік және кәсіби тәжірибе жеткілікті. Парламентте мынадай мәселелерді көтергім келеді. Біріншісі, өңірді газдандыру. Осы салада еңбек ететін маман ретінде мен өнеркәсіпті де, ауыл шаруашылығын да, тұрғын үй секторының да едәуір бөлігін сұйытылған газбен газдандыруға болатынын білемін. Коммуналдық шаруашылықта тәртіп орнату қажет. 2-ЖЭО-нан бастап, қаланы сумен қамтитын кәсіпорынға дейін, барлығын мемлекет меншігіне қайтару керек. Екіншіден, пәтер иелері, қала және коммуналдық қызметтер арасындағы қатынастарды реттеу. Яғни, коммуналдық қызметтердің пайдасын емес, адамдардың жайлылығын ойлау қажет. Бұл салада кеңестік тәжірибеден көп нәрсені алуға болады деп есептеймін. Қалаларды сапалы сумен қамтамасыз етуді жолға қою үшін су шаруашылығы және мелиорация министрлігін жандандыру керек.  Магистральды су құбырлары ғана емес, сонымен қатар баламалы көздер арқылы да елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге болады.  Өйткені, соңғы жылдары бұл мәселе ауылдағы ағайын үшін өзекті болып отыр. Елімізге азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң қажет. Себебі, баға күн сайын өзгеріп, шарықтап барады. Билік нарықтық қатынастарды сылтау ете бермей, жауапкершілікті өз мойынына алып, дүкендердегі бағаларға әсер ету тетіктерін қарастыруы тиіс. Ол үшін заң қажет. Бюджет саласы қызметкерлері үшін солтүстік өңірлерге төленетін қосымша төлемдерге қол жеткізу керек. Ол ең алдымен мұғалімдер мен дәрігерлер үшін қажет. Климаты қатал теріскей халқының өзгелерге қарағанда шығындары әлдеқайда көп. Мемлекет оны өтеуі тиіс. Егер сіздер мені қолдайтын болсаңыздар, онда мен Парламенттегі жұмысым туралы сіздерді үнемі хабардар етіп отыруға дайынмын. Өңірге жиі келіп, халыққа есеп беремін».

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат О.А. Ивановтың тапсырысы бойынша «QazaqstanMedia» ЖШС дайындады, үгіт-насихат іс-шараларын өткізу үшін кандидаттың сайлау қорының қаражатынан төленді

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x