Айыртау ауданында ойын баласы сарайда сіріңкемен ойнаған. Ол қағазға от қойып, өзі үйіне кеткен. Лаулап жанған оттан үй өртене жаздады, деп жазады Qazaqstan Media.

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылында тоғыз жастағы бала сарай ішінде сіріңкемен ойнап, қағазға от қойған. Кейін өзі үйіне кетіп қалады. Қағаз тұтанып, өрт өрши түседі.

Оттың шыққаны туралы көршілер хабарлапты. Олар шатыр астынан шығып жатқан қою түтінді байқаған. Бірден өрт сөндіруішлерді шақырып, мамандар жедел жетеді. Жалын  дер кезінде ауыздықталып, тұрғын үй мен шаруашылық ғимараттарын аман сақтап қалды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ер адам аттың үстінен отқа құлаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *