алаяқтарға алданды

Өткен демалыс күндері облыстың 3 тұрғыны алаяқтарға алданып, 9 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

СҚО прокуратурасы алаяқтардың «сіздің туысыңыз апатқа ұшырады» схемасын жиі қолданатынын айтады. Бұл тәсіл негізінен егде жастағы адамдарды алдауға бағытталған, «банктерден қоңыраулар» сияқты мұнда да алаяқтар топ болып әрекет етеді.Ведомствоның мәліметінше, өткен демалыс күндері өңірдің үш тұрғыны осындай схемамен 9 млн теңгеге алданып қалған. Петропавлдың 67 жастағы тұрғынына белгісіз әйел қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған және қызының кінәсінен жол-көлік оқиғасы болып, адам зардап шеккенін айтқан. Содан кейін «жалған полицей» бұл мәселені шешіп, жылы жауып қою үшін жәбірленушіге 5 млн теңге төлеу қажет екенін жеткізген.Тұтқаның ар жағындағы бейтанысқа сенген қала тұрғыны 3 млн теңге соманы аударған. Тек кейін ол қызымен хабарласып, бәрі жақсы екендігін және оның ешқандай жол-көлік оқиғасына түспегенін біледі. Жалпы жыл басынан бері құқық қорғау органдарына алаяқтық туралы арызбен 315 адам жүгініп, 672 млн теңгеге алданған.

Тағы оқыңыз: Тігіншілікті кәсіп еткен келіншек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x