Биыл «Мектепке жол» акциясы «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі. Акция аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Біздің облыста 10879 оқушыға көмек көрсету көзделген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өткен жылы 2023 жылы акция аясында 15236 балаға көмек көрсетілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 404 млн. 843 мың теңгені құрады. Биыл білім бөлімдері көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасады. Акцияның қайырымдылық екенін ескере отырып, көмек көрсету бойынша демеушілермен ақпараттық — түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біздің облыста тұрақты негізде көмек көрсететіндер бар. Олардың ішінде  өңірге танымал «Мәмбетов и К» КС, «Петропавл арақ зауыты», «АЗКО», «Буденное СК», «Раисовское» ЖШС және «Астық Привольный», «Западное СК», «Заградовское», «Прометей-Агро» серіктестіктері бар.

Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасылардан шыққан 10879 бала. Оларға киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін 43407 теңге мөлшерінде төлемдерді жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жылдан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызмет болып табылады.  Аудандардағы мектептер құжаттар пакетін толығымен дайындайды және төлем жасау үшін білім бөліміне ұсынады.

Оқу жылына аз уақыт қалғандықтан, білім басқармасы барлық бей — жай қарамайтын адамдарды «Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан бері алты бала терезеден құлаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *