Петропавлда салынып жатқан облыстық көпсалалы ауруханың құрылысы 2024-ші жылы аяқталуы мүмкін. Қазір шаруаның 45 пайызы ғана тындырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров көпсалалы аурухананың құрылыс жұмыстарын да көрді. Медициналық нысанды салу 2020-шы жылы басталған болатын. Алайда, құжаттардың дұрыс болмауынан қазір шаруа тоқтап тұр. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер ензіліп жатыр, жыл соңына дейін біржақты етілуі тиіс.

“Көпсалалы ауруханада 480 төсек-орын болады деп көзделген. Құрылыс аяқталғаннан кейін мұнда хирургия, гинекология және онкологиялық қызмет көрсетуге арналған орталықтар ашылады. Облыс халқы үшін маңызы зор медициналық мекеме барлық заманауи талаптарға сай болмақ. Осылайша, өңірдің денсаулық сақтау саласынының сапасын арттыру жоспарланып отыр”, — деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Өңірдің бас дәрігерінің айтуынша, ауруханада тек солтүстікқазақстандықтар ғана емес, басқа да облыстардың азаматтарын қабылдау ойда бар. Былайша айтқанда, медициналық туризмді дамыту жоспарлануда.

Барлығын мұқият тыңдаған Әлібек Қуантыров өз тараптарынан қандай көмек керегін сұрады.

“Жобалық-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстарын тезірек аяқтау керек. Бұл шамамен тамыз айына келеді деп уәде берді. Одан кейін экспертизаға қол жеткіземіз. Шаруаны созуға болмайды. Салалық қорытынды шығару керек. Бастапқыда аурухана құрылысына 144 млрд теңге қарастырылған болатын, қазір түзетулер енгізіліп, қаражат азаюуы мүмкін. Яғни, кейбір қондырғылар алынып, жұмыс түрлері қысқарады дегенді білдіреді. Мекеменің деңгейі де түсіп кетуі мүмкін. Осы жағын қарастыру керек”, — деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Құрылысы үшінші жылға созылып кеткен нысанның жобасын ендігі жылы аяқтау жоспарланып отыр.


Тағы оқыңыз: Петропавлдағы жаңа көпірдің құрылысына 6 млрд теңгеге жуық қаржы қажет

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x