Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы республикалық байқауда топ жарды
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы республикалық байқауда жеңімпаз атанды. Бұл — талай жылғы еңбектің жемісі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мекеме директоры Айдар Мұстафин, бұл — көпжылдың еңбектің нәтижесі мен кәсіби шеберліктің белгісі,- дейді. Айта кету керек, ауруханадағы бейінді бағыттардың бірі — оториноларингология. Яғни құлақ, мұрын және тамақ ауруларын емдеу саласы.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы республикалық байқауда топ жарды
«Республикалық байқау онлайн форматта өтті. Біз әр бөлімшенің жұмысын, аурухана ішін толықтай бейнетаспаға түсіріп, ұйымдастырушыларға жолдадық. Сондай-ақ, тиісті құжаттар ұсындық. Біз биыл 3 жарым мыңнан астам операция жасадық. Оның бәрі сәтті өтті. Облыстық ауруханада жыл сайын 16 мыңнан астам бала ем қабылдайды», — деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Айдар Мұстафин.
Қазір ауруханада төрт ЛОР-дәрігер жұмыс істейді. Солардың бірі — Абзал Бөлекбаев. Саланың жілігін шағып, майын ішкен маман еңбек өтілі отыз жылдан асып жығылады.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы республикалық байқауда топ жарды
«Бұл мамандықты таңдаған себебім, үлкен апам осы салада істеген еді. Кішкентай кезімнен сол кісіге қызығатын едім. Өскен соң осы мамандыққа келуді ұйғардым. Бөлімше тек ауыз, құлақ, мұрынды ғана емдемейді. Бас сүйектерін де қарайды»», — деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі Абзал Бөлекбаев.
Бүгінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 80-нен астам дәрігер қызмет етеді. Кадр тапшылығы бар. Қатарға тағы төрт ақхалатты жетіспейді. Емнің сәтті әрі сапалы жүргізілуі мамандардың саны мен біліктілігіне ғана емес, материалдық-техникалық мүмкіндікке де байланысты. Айта кету керек, аурухана биыл 250 млн теңгенің құрал-жабдығымен толыққан