Қазіргі уақытта облыста 5000-нан астам бос жұмыс орны бар. Әсіресе өңірде ауыл шаруашылығы және білім саласында маман тапшы. Бұл туралы өңірге іс-сапармен келген ҚР парламент сенаты депутаттарына айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Биыл облысқа 2300-ге жуық адам қоныс аударған. Және 138 қандас отанына оралған. Өңірге қоныс аударғандардың 31 пайызы Түркістан облысынан келген. Оларға материалды көмек көрсетуге және тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге қаражат бөлінген.

Біздің облысқа 138 қандас көшіп келді. Олардың 49пайызы Ресейден, 30пайызы Моңголиядан келгендер. Мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Жылда облыста қоныс аударушыларға 2000-нан аса квота бөлінеді”,-деді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

Қазіргі уақытта облыста 5000нан астам бос жұмыс орны бар. Әсіресе өңірде ауыл шаруашылығы және білім саласында маман тапшы екен.  Сол себепті де, халқы тығыз орналасқан аймақтардан келген тұрғындарға квота беруді  жалғастыру керек дейді сенаторлар.

Қызылжар өңіріне келіп, қоныс аударушылармен тілдесіп жатырмыз. Оларға мемлекет тарапынан үй беріліп, жұмыспен де қамтамасыз етіліп жатыр екен. Бұл әрине жақсы. Алайда, бұл өңірде әлі де кей салада мамандар тапшы екен. Сол себепті де алдағы уақытта бұл жұмыстарды жалғастыру керек.”,- дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.

Өңірге жұмыс сапарымен келген депутаттар  облыстық мәслихат депутаттарымен де кездесіп, бірқатар нысандарды аралады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x