Солтүстік Қазақстан облысында бүгінге дейін шет елден әкелінген 4 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасына әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасуда. Мамандар машиналарды есепке қою бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, науқан жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Осының арқасында ұзын-сонар кезек пен айтарлықтай түсініспеушіліктер туындаған жоқ. Айта кеткен жөн, бұл ретте азаматтар 8 (7152) 32-00-22, 8 (7152) 32-00-19 байланыс нөмірлеріне хабарласып кеңес ала алады.
«Ауыр жүк көліктерін заңдастыру бойынша көптеген сұрақтар туындап жатады. Еске салсақ, максималды рұқсат етілген салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктер есепке алынбайды. Олар алғашқы тіркеуге енгізіледі. Сонымен қатар, көліктер «Еуро-4» экологиялық класына сәйкес келуі керек», — деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Науқан биылғы шілде айының 1-не дейін жалғасады.
Тағы оқыңыз: Халықаралық маңызы бар жол жабылды