Бүгін үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өртке қарсы шараларды күшейтуі қажет өңірлерді айқындады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов өртке қарсы шаралар уақтылы, тиімсіз жүзеге асырылатын бірқатар өңірді белгіледі.
«Абай, Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында су көздерінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізілген жоқ. Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында отын қорымен қамтамасыз ету мәселелері толық шешілмей отыр. Қостанай облысында өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі тиісті жедел штаб уақтылы құрылмаған. Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында өртке қарсы жер жырту жұмыстары баяу жүріп жатыр. Онсыз дала немесе орман өрттерін ауыздықтау қиын болады. Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарын қураған өсімдіктер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары әлі аяқталған жоқ», — деп атап өтті Үкімет басшысы.
Үкімет Басшысы өңір әкімдеріне осы мәселеге ерекше назар аударуды және өрттің алдын алуға бағытталған жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Тағы оқыңыз:Қызылжар ауданындағы түзету мекемесінен қашып кеткен сотталушыға қатысты сот үкімі шықты