Оқушыларға «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» гайдбуктары табысталды

24 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысының барлық мектептерінде «Білім-Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Бұл іс – шара алғаш рет жаңа форматта өткізіліп отыр. Биыл облыста оқу жылын 75 мыңнан астам оқушы аяқтайды, оның 3331–і 11 сынып түлектері, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Сынып сағатының негізгі мақсаты — білім алушылардың педагогикалық еңбекке деген құрметін, білім алуға деген ұмтылысын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалау қабілетін қалыптастыру. Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Содан кейін оқушылар мен мұғалімдер ҚР Білім министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтау сөзін тыңдады.
Бұл күні 9, 11 сынып түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» атты эссе жазды. Өз жұмыстарында балалық шақпен қоштасу, үлкен өмірге аяқ басу, болашақ өмірін қалай елестететіні туралы өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар, түлектер мектептеріне деген тілектерін білдірді.

«Білім министрлігі «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» гайдбуктарын әзірледі. Бұл нұсқаулықта балаларға жазғы демалысты мүмкіндігінше қызықты әрі пайдалы өткізу үшін қажетті ақпарат пен кеңестер бар. Сондай-ақ көшеде, табиғатта, суда және үйде қауіпсіздік ережелері де айтылған. Гайдбуктар 1-4 сынып, 5-9 сынып, 10-11 сынып оқушыларына арналған тақырыптар бойынша бөлінеді»,- деп нақтылады СҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Таза Қазақстан» акциясы аясында партиялықтар Қызылжар ауданында сенбілік өткізді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x