Оқушыларды мектептке қабылдау ережесі өзгереді

Бірінші сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау мерзіміне өзгерістер енгізіледі. Осы және т.б. жалпы орта мектепке қабылдау бойынша енгізілетін өзгерістер «Ашық НҚА» порталында жарияланған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жобада мынадай өзгерістер қарастырылған: 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылады. Оған қоса мерзім бойынша шектеу болмайды. Қазіргі кезде құжаттар 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында қабылдануда.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай каникул кезеңінде портал арқылы жүзеге асырылады. Ол сот шешімін, басқа елді мекенге немесе бір елді мекен ішінде көшуді, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кететін оқушыларға қатысты емес.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады. Осыған дейін өтініштер күнтізбелік жылдың 15 тамызына дейін қабылданып келді. Жоба 3 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындарының 40 %-ға жуығы ғана қысқа қамданып үлгерген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x