Нәресте сүйгісі келетін облыс тұрғындары үшін ақпаннан бастап перинаталлық орталықта біліктімамандар қабылдау жүргізіп жатыр. Олардың қабылдауына жазыла отырып, КТГ мен УЗД-де өте аласыз, деп жазады Qazaqstan Media.
Жүктілікті бақылау мен босануды жоспарлау кезінде кәсіби кеңес алғысы келетін пациенттерге консультативтік қабылдау жүргізіледі. Қабылдау барысында маман клиникалық жағдайды жан-жақты бағалап, асықпай түсіндіруге және дәлелді шешім қабылдауға көмектеседі. Сондай-ақ жүктілік пен босануды жүргізудің ең тиімді тактикасы анықталып, пациенттің өзіне сенімді әрі қауіпсіз сезінуіне жағдай жасалады.
Медициналық кеңес әсіресе жүктілікті көтере алмау жағдайында, жоғары қауіп тобына жататын жүктіліктерде, сондай-ақ жүктіліктің асқынған ағымында немесе диагнозға қатысты күмән болған кезде ұсынылады.
Сонымен қатар консультация аясында мемлекеттік ЭКҰ бағдарламасы бойынша квота алу тәртібі түсіндіріліп, босандыру тәсіліне қатысты (кесар тілігі немесе табиғи босану) тактика белгіленеді. Қажет болған жағдайда Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына (IV деңгей) жолдама бойынша босандыру жоспарын құрастыруға да көмек көрсетіледі.
Қабылдау күні қосымша түрде КТГ және УДЗ тексерулерін өткізу мүмкіндігі қарастырылған.
Мамандар мұндай консультация дәлелді шешім қабылдауды қалайтын және көпжылдық клиникалық тәжірибесі бар дәрігердің сүйемелдеуін маңызды санайтын пациенттер үшін өзекті екенін атап өтеді.
Тағы оқыңыз: Биыл елімізде 850-ден астам запастағы офицер әскерге шақырылады


