Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде жаңа тағайындау. Облыс әкімінің орынбасары қызметіне Нұрлан Кеңесов келді. Ол бір кездері өңірдегі Тимирязев ауданының әкімі болып қызметі еткен еді, деп жазады Qazaqstan Media.
Нұрлан Маратұлы 1983 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетiн менеджмент және көлiк басқару, ұйымдастыру инженерi мамандығы бойынша тәмамдады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Imperial College London университетiнде бiлiм алған. ҚР Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару Академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қарағанды облысындағы инженерлiк-техникалық орталықтың инженерi болып бастады. Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң сарапшысы қызметiнен стратегиялық жоспарлау департаментi директорының орынбасары лауазымына дейiн өстi.
Әр жылдары «Нұр Отан» орталық аппаратының инновациялық комитетi төрағасының орынбасары, Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты басшысының орынбасары қызметтерiн атқарды.
2016 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiнiң Стратегиялық жоспарлау департаментiнiң директоры болып жұмыс iстедi.
Ал, 2019-2022 жылдары аралығында Тимирязев ауданы әкімі қызметінде болды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігі департаменттерінің директоры қызметтерін атқарды.
Осы тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
Айта кету керек, Нұрлан Кеңесовтің алдында облыс әкімінің орынбасары лауазымында Рүстем Құрманов болған еді.
Тағы оқыңыз: Солтүстікте қыркүйек айы салқын болады