[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/0712d31d-90a8-491a-a84e-888cec3f47ad-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||5px|||»]
ҚР Президентінің жарлығына сәйкес наурыздың 1-нен бастап ел көлемінде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Бұл шара маусым айының соңына дейін жалғаспақ. СҚО аумағында 14 шақыру комиссиясы жұмыс істейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Шақыру комиссияның 12-сі аудандық, 1-уі қалалық және тағы бірі облыс көлемінде ұйымдастырылған. Облыстық қорғаныс істер департаментінің жоспары бойынша көктемде өңірдің 600-ге жуық азаматы әскерге шақырылады. Олар тиісті медициналық тексерістен өткеннен кейін азаматтық борышын орындау үшін еліміздің түрлі өңірлеріне жіберілмек.
«Әскерге шақырушыларды хабардар етуді қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдер шақыру қағаздарын тапсыру арқылы жүргізеді. Сондай-ақ, соңғы екі жыл ішінде 1414 қызметі арқылы әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламаларды, яғни электрондық шақыру қағаздарын тарату біртіндеп енгізілуде»,-дейді СҚО Қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ержан Хамитов.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]