СҚО-да оқу орындары да Наурыз мерекесін тойлап, Петропавлдағы Тәуелсіздік стелласы маңында киіз үйлер тікті. Өңірдегі колледждер осылайша өздерін таныстырып, кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

60 жылдан астам тарихы бар Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжі 10-ға тарта мамандық бойынша кадр дайындайды. Бүгіндері оқу орнында бір мыңнан астам студент білім алуда. Олардың барлығы тегін оқып жатыр.

«Биыл елімізде Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланған. Сондықтан «Еңбек ер атандырады» деген интерактивті алаңға шақырғанда, біз қуана келістік. Ол біздер үшін колледжді тағы бір таныстырып, кәсіптік бағдар берудің мүмкіндігі. Киіз үйімізге келген әр қонақ дастарханнан дәм татып, зертханалық жұмыстарды жасап көре алады», — дейді Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушысы Елена Долгушина.

Наурыз мерекесін пайдаланып, өңір колледждері кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді

 

Ал И. Дәуітов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжіне келгендер болашақ аспаздар дайындаған дәмнен ауыз тиіп, тігіншілер мен шаштараз мамандығына оқып жатқан студенттердің жұмыстарын тамашалай алды.

Наурыз мерекесін пайдаланып, өңір колледждері кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді

Наурыз мерекесін әріптестерімен бірге алаңда тойлауға Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің ұжымы да келген. Олар тіккен киіз үйге кірген әр адамға қазақтың ұлттық киімін киген қыздар бауырсақ ұсынып, ерекше қонақжайлылық көрсетуде.

«Біздің колледжге түсемін дейтін жастардың қатары жыл санап артып келеді. Өйткені, біз дайындайтын мамандар нарықта сұранысқа ие. Оның үстіне, оқу орнын аяқтаған әр студент жұмыссыз қалмайды. Олар колледжде оқып, кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп жүргенде жалақы алады. Және бірден жұмысқа орналасады», — дейді колледж директоры Анатолий Фурманюк.

Оқу орындары тіккен киіз үйлерге облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те кіріп, ұсынған бағдарламаны тамашалады.

Наурыз мерекесін пайдаланып, өңір колледждері кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді

Тағы оқыңыз: Пәтер, көлік және ақшалай сертификаттар: СҚО әкімі спортшыларды марапаттады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *