[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» custom_padding=»||17px|||» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/главная-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіретін, Парсы сөзі. Алты айлық қытымыр қыс бітіп, көктем келіп күн шуағын шашатын уақыт. Бұл күні Петропавлдың бас алаңы жылқысы мен түйесі бағылатын, қазаны көтеріліп, ошағында от жанған, жастары алтыбақан тебетін қазақ ауылына айналды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көктемнің ең бір жаймашуақ мерекесі Петропавлда әдеттегідей театрландырылған көрініспен басталды. Наурыздың келгенін жар салатын Қызыр ата дүйім жұртқа батасын жолдады.

Бас алаңда көптің көңілін аударған тағы бір дүние ол — қаз-қатар тігілген киіз үйлерде қойылған күмістен, былғары мен ағаштан жасалған қазақтың ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдары. Мұның барлығы еліміздің 7 өңірі мен РФ-ның көршілес аймақтарынан келген, он саусағынан өнер тамған  22 қолөнершінің заттары. Облыс орталығында «Qyzyljar — 2023 шеберлер мекені» атты фестиваль өтіп жатыр. Қызылорда облысының тұрғыны Гүлнәр Анапияева Петропавлда өтіп жатқан мәдени шараға екінші жыл қатарынан қатысуда. Ол алаша тігуден шеберлік сағатын өткізуде. 40 жылдан бері  тоқыма ісімен шұғылданып келе жатқан мұғалім, бүгінгі күні жастарды ерте кезде халқымыз қолданған ұлттық бұйымдар жасауға үйретеді. Шебердің сөзінше, алаша өзге ұлттарда үлкен сұранысқа ие. Төсеніш қойдың жүнінен тоқылады. Байырғы заманда әжелеріміз шымтеру, терісбұтақ, аратеру сынды түрлі өрнектер салып, безендірген. Гүлнәр апа алаша тоқудың технологиясымен бізбен де қуана бөлісті.

«Мен қойдың жүніне алаша тоқимын. Бұйымдарымызды көбіне қазіргі таңда заманауи дизайнерлер қолданады. Әсіресе түрлі ғимаратардың бөлмелерін әсемдеп, безендіреді. Мұнымен қоса, киіз үйлерді әсемдеуге, белбе, дорба жасауға болады. Жалпы, ең алдымен жүнді тазалап, оны дұрыстып иіріп, жуып, кептіріп болған соң арнайы бояулармен бояу қажет. Содан кейін ғана тоқи бастаймыз.Үлкен көлемді алаша тоқуға жарты айдай уақыт кетеді. Ал шағын алашаға 1-2 күн жұмсаймыз», — дейді Қызылорда облысынан келген тоқыма шебері Гүлнәр Анапияева.

Бұл күні бас алаңда жиналған жұртшылық ұлттық ойындарды да тамашалады. Бір жерде ұлдар асық атса, жанында арқан тартысып, палуандар күресіп, өзара мықтыны анықтады. Боз кілемде өз күшін сынағандардың бірі «Қызылжар арландары» клубының мүшесі Батырхан Қайырбек. 80 келі салмақта өнер көрсеткен 29 жастағы жігіт қарсыласын жеңіп, үздік атанды.

«Мен 80 келіден жоғары салмақта күрестім. Қарсыласым осал емес. Соған қарамастан күш-жігерімді жинап жеңіске жеттім. Бүгінгі Наурыз мерекесімен барша жерлестерімді құттқтай отыра, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін», — дейді «Қызылжар Арландары» клубының спортшысы Батырхан Қайырбек.

Сондай-ақ, Наурыз мейрамымен Петропавл тұрғындарын Қазақстан эстрадасының жұлдыздары «Орда» тобы құттықтап, ән шырқады.

Осылайша, жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы болатын әз Наурызды  солтүстікқазақстандықтар бар сән-салтанатымен қарсы алды.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x