Бөркінді аспанға ат теріскей! Солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері Наталья Богданова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жерлесіміз ақтық сында аустралиялық Лекейша Перголитимен жұдырықтасты. Наталья жекпе-жек барысында қарсыласынан тактикалық тұрғыда басым болды. Дөп соққылар бағыттап, қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермеді

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Наталья Богданованы жеңімпаз деп таныды. Тиісінше, былғары болғап шебері мансабында алғаш рет әлем чемпионатының алтын медаліне ие болды. Айта кету керек, Наталья жеңіс жолында барлығы төрт жекпе жек өткізді.

Наталья Богданова - әлем чемпионы!
Наталья Богданова — әлем чемпионы!

«Бұл мен үшін көптен күткен жеңіс. Мен осы сәтті көп күттім. Жеңіс жолында аянып қалмадым, қанша күшімді сарқ еттім. Ендігі мақсат Олимпиада шыңын бағындыру», — деді әлем чемпионы Наталья Богданова.

Осымен Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды. Отандастарымыз барлығы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі.

Жеңімпаздарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының тұрғыны Роза Құсбекова қазақ асханасының қырықтан астам құпиясын сақтап келеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *