Синоптиктер 16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мамыр айы басталғалы Солтүстік Қазақстанда жаңбыр толастаған емес. 16 мамырға ауа райы болжамын ұсынған синоптиктер өңір тұрғындарын қуантпады. Ертең облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтілуде. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
«Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ал облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі жоғарылайды. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал», — делінген Қазгидромет ұсынған ақпаратта.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 1400 адам АИТВ (ВИЧ) ауруын жұқтырған