Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров пен Мархабат Жайымбетов аудан әкімдерін тікелей сайлауды уақытша тоқтата тұруды ұсынды. Депутаттардың айтуынша, пилоттық форматта енгізілген бұл жүйе әлі толық пысықталмаған, деп жазады Qazaqstan Media.

Ерлан Саиров соңғы бес жылда ауыл, аудан және қала әкімдерін сайлау тәжірибесі басталғанын, алайда ауыл әкімдерінің құзыреті мен бюджеттік мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі әлі шешілмегенін айтты. Сондай-ақ аудан және қала әкімдерін сайлау тиімділігі толық зерттелмегенін, тіпті сайланғандардың кейбірі бір жыл өтпей қызметінен кеткенін атап өтті.

Марқабат Жайымбетов те аудан әкімдеріне берілген өкілеттің аз екенін, ал жауапкершіліктің көп екенін жеткізді. Оның сөзінше, білім, денсаулық сақтау, ветеринария және жұмыспен қамту салалары аудан әкімдеріне бағынбайды, бұл жұмысқа кедергі келтіреді.

Депутаттар тікелей сайлаудың шығыны да жоғары екенін айтты: биыл 7 әкім сайлауына шамамен 1 млрд теңге жұмсалған.

Сарапшылардың пікірін алға тартқан Саиров аудан әкімдерін мәслихат депутаттары арқылы сайлау да тиімді модель болуы мүмкін екенін жеткізді.

Осыған байланысты депутаттар тиісті заңдарға өзгерістер енгізілгенше аудан әкімдерінің тікелей сайлауын уақытша тоқтата тұруды ұсынды.

Тағы оқыңы: Елена Степаненко: «Мамлютканың ауыл атануын халық шешеді»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *