ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Достық үйінде болды. Ол ғимараттың тыныс-тіршілігімен танысып, ассамблеяның құрамына кіретін бірлестіктердің өкілдерімен тілдесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Достық үйінің екінші қабатында Мәлік Отарбаевтың қатысуымен жиын өтті. Басқосудың шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов ашты. Ол ассамблеяның қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.

«Ассамблея — 130-дан астам ұлт өкілінің басын бір арнаға тоғыстырған ұйым. Бір шаңырақ астында біріккен белсендң жандар өңіріміздегі татулықты сақтауда, ұлттардың бірлігін нығайту жолында ауқымды жұмыс атқарып жүр. Олар ұйымшылдықтарын көктемде болға су тасқынында да дәлелдеді»-, деді СҚО әкімінің орынбасары.
Облыстық ҚХА құрамында ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Аға буын өкілдері «Адал азамат» жобасын жүзеге асыруда ауқымды іс атқаруда. Бұл игі бастама арқылы көненің көзін көргендер қоғамда бірлік пен тұрақтылықты, сенім мен жауапкершілік құндылықтарына негізделген жаңа этиканы қалыптастыруда.

«Еліміздегі кез келген саланың дамуына Ассамблеяның қосып жатқан үлесі ұшан-теңіз. Әрине Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі өз тілін, мәдениетін білуі тиіс. Бірақ, әрбіреуінің жүрегі Қазақстан деп соғуы тиіс деп ойлаймын»,- деді облыстық ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.
Мәлік Отарбаев жиын барысында ассамблеялықтарға алғысын білдірді. Алған беттен таймай, алға басуларын сұрады.

«Ассамблея 30 жылдығы өткенімізді саралап, жетістіктерімізді бағалауға мүмкіндік береді. СҚО — этникалық құрам бойынша ең көп шоғырланған аймақтардың бірі. Теріскейлік белсенді жандардың жұмысын жоғары бағалаймын»,-деді Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев.
Сөзінің соңында Мәлік Нұржанұлы облыстық ҚХА-ға мемлекет тарапынан ұдайы түрде зор қолдау көрсетілетінін айтты.
Тағы оқыңыз: Қазақстан Қытайға 1500 киік тарту етеді