Астанада өткен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты Республикалық тамыз конференциясында алғаш рет педагогтармен қатар жұмысшы мамандық иелері де марапатталды. Солардың ішінде ерекше атап өтілгендердің бірі — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы №3 орта мектебінің слесарь-сантехнигі Арман Ысқақұлы Арқаев, деп жазады Qazaqstan Media.

Арман Арқаев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жұмысшы мамандық иелеріне көрсетілген мұндай құрмет Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануының аясында жүзеге асып отыр. Бұл жаңа қадам – білім беру жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген және балалардың игілігіне үлес қосатын барша мамандардың еңбегін дәріптеуге бағытталған.

«Білім беру саласы – бұл біз балаларымызды тәрбиелейтін орта. Әрбір адам еліміздің болашағы – өнегелі, кәсіби білікті азаматтарды тәрбиелеуге өз үлесін қосуы тиіс. Бұл тек педагог қауымының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев марапаттау кезінде.

Осылайша, республикалық тамыз конференциясының тарихында тұңғыш рет жоғары мемлекеттік деңгейде тек педагогтар ғана емес, сонымен бірге техникалық қызметкерлер мен өзге де мамандардың еңбегі лайықты бағаланды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өрт сөндірушілер жер үйлерді тексеріп жүр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *