Осыған дейін ашық айтылмай келген Салық кодексі жария болды. Ұлттық экономика министрілгі жаңа құжатты қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлады Qazaqstan Media тілшісі.
Жаңа кодексте экономиканың әртүрлі салаларында сараланған салық мөлшерлемесіне көшу, арнаулы салық режимдерін реформалау ұсынылған. Салық жеңілдіктерін ретке келтіру, есептілік нысандарын 30 пайызға қысқарта отырып, салықтық бақылауды толық цифрландыру көзделген.
Сонымен қатар, міндетті төлем түрлерінің санын кемі 20 пайызға қысқарту ұсынылды. Сарапшылар мұндай жағдайда салық төлейтіндер артады, деп отыр.
Тағы оқыңыз: «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі Петропавлдағы Абылай хан резиденциясынан басталады