Қазақстанда метапневмовирусына шалдыққандар анықталды. Ол негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері — жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы, деп жазады Qazaqstan Media.

Әлі емі табылмаған жаңа вирус 30 қазақстандықта анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген.
Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%)»,- деп хабарлады ведомство.

Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері — жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты профилактика шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады.

Тағы оқыңыз: Елімізде санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *