«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» байқауына қатысу үшін өтінімдер 15-ші мамырдан  бастап бір ай көлемінде қабылданады. Бұл аудандық немесе қалалық конкурсқа қатысатындар үшін, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Аталмыш конкурс елімізде 2013 жылдан бастап дәтүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

«Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады», — деп жазылған байқау талаптарында.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі: Бірінші – аудандық, қалалық. Ол 15-ші маусыммен бірінші шілде аралығында өтеді. Екінші – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар үшін. Ол шілденің үші мен жетісі аралығында ұйымдастырылады. Облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.

Өңір көлемінде өтетін конкурс бойынша ақпаратты 46-95-17 нөмірі арқылы немесе облыстық ішкі саясат басқармасынан білуге болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда төбелес кезінде екі адам пышақ жарақатын алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x