Мемлекеттік қызметкерлер 15 қыркүйекке дейін Aitu ұлттық мессенджеріне көшуі тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мемлекеттік қызмет саласында Aitu платформасы ұлттық мессенджер ретінде бекітілмек. Ресми органдардың коммуникациясы осы жүйеге көшіріліп, бірыңғай цифрлық ортаға біріктіріледі. Бұл ақпарат Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында жарияланды.

Аталған жиында Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөнінде Президент тапсырмасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Басқосуда AITU ұлттық мессенджерін кең ауқымда енгізу туралы да айтылды. Оның пилоттық жұмысы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде көрсетілді.

Енді аталған қызмет мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының барлығына енгізіледі. Осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін мемлекеттік қызметкерлері AITU ұлттық мессенджеріне көшуі тиіс.

Сонымен қатар, Smart Data Ukimet арқылы мемлекеттік деректерді біріктіру бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімдері анықталды. Жаңа хэштеу әдісін қолданатын интеграция биылғы 1 қыркүйегінде аяқталуы керек, ал барлық деректер осы жылдың 1 желтоқсанына дейін платформаға берілуі керек.

Мемлекет басшысы “Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналуы тиіс” деген мақсатты алға қойып отыр. Нақты міндеттер белгіленді. Бүгінгі таңда цифрлық штаб барлық мемлекеттік орган мен ұйымдар үшін міндетті шешімдер қабылдады. Нәтиже ақпараттық қауіпсіздікті жақсартуға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған», – деді премьер-министр Олжас Бектенов.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атау беру үшін жалпыхалықтық конкурс өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *