Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған жалдамалы тұрғын үйді сатып алу тетігі қандай болатынын айтты. Заңға түзетулер мәжіліске берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша алған жалдамалы тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі туралы заңға түзетулер енгізгенін хабарлады. Оның айтуынша, мұндай пәтерлердің бағасы нарықтық бағадан төмен болуы мүмкін.
«Үкімет түзетулерді Мәжіліске тапсырды. Бірінші кезектегі сатып алу құқығы пәтерлерді жалдап тұрып жатқан адамдарда болады. Мемлекеттік бағдарлама арқылы алынған пәтерді 5 жылға жалдап тұрып жатқан азаматтар үйді сатып алуға өтініш бере алады. Пәтер бағасы бойынша сұрақтар болуы мұмкін. Бірақ қазір біз тұрғын үйді нарықтық құннан гөрі баланстық құны бойынша сатып алуды қамтамасыз ету үшін консультациялар жүргізіп жатырмыз. Әзірге бұл тетіктің түпкілікті іске асырылуы туралы айтуға әлі ерте, біз тек Мәжілістің қарауына бердік. Бұл түзету мәжілісте қолдау табады деп үміттенемін «, — деді министр.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда еңбек міндеттемелерін бұзғандарға 9 млн теңгеге жуық айыппұл салынды