Ел президенті мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Ол атаулы мейрам– имандылық пен ізгіліктің символы деді, деп жазады Qazaqstan Media.
Қасым-Жомарт Тоқаев айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр екенін атап өтті.
«Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі.
Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз»,- деді өз құттықтауында президент.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы, Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік! деген тілегін де жеткізді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда кәмелетке толмаған бала көлік айдап ұсталды