Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Qazaqstan Media.
Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды. Оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.
«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, кеніштерде табиғи газдың жарылысы болып, тау массасы құлаған. Кейінірек «Жомарт» кенішінде жетінші жұмысшының денесі табылды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Тағы оқыңыз: Су тасқыны: Уәлиханов ауданында дайындық күшейтілген