Мектептерде буллингке қарсы бағдарлама енгізіледі

Келесі жылдан бастап еліміздегі әр мектепте буллингке қарсы бағдарлама енгізіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазір жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға арналған кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Бағдарлама аясында балалармен буллингтің не екені, оның зардабы, жаман үрдіс екені туралы әңгіме жүргізіледі. Балалар мен мұғалімдер бір-бірін түсінуді, проблеманы бірге әрі бейбіт жолмен шешуді үйрентін болады. Бұл бағдарламаны дайындау үшін мамандар талдау жүргізіп, статистикалық мәліметтерді зерттеген екен. Нәтижесінде, балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы деректерді жинақтап, қауіп факторлары да анықталыпты.

«Балаларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтарға жазаны қатаңдату мәселелері осы  заң жобасында қаралған. Бізге білім беру ұйымдары мен оның сыртындағы буллинг пен қудалау фактілері туралы шағымдар түсіп жатады. Оның ішінде әлеуметтік желі арқылы да деректер тіркелуде. Осыған байланысты бүкіл елге арналған бірыңғай буллингке қарсы бағдарлама әзірлеуді бастадық. Ол бағдарлама елдегі бүкіл білім беру ұйымдарында қолданылатын болады», — деді ҚР оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспанов.

Тағы оқыңыз:СҚО-да отын дайындауға кеткен тағы бір ер адам жоғалды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x