Мектептегі санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт дайындалады

Ел мектептеріндегі санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт әзірленеді. Мұндай ақпаратты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өзгеріс ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өтінімі бойынша енгізілген. Негізгі мақсат — елімізде мектептердегі санитариялық тораптарға бірыңғай стандартталған талаптарды белгілеп, санитарлық тораптардағы балалар үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру, оның ішінде кабиналарға қойылатын талаптарды айқындау. Сонымен қатар, гигиеналық құралдардың болуына және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құруға бағытталған. Биыл ұлттық стандартты бекіту жоспарланып отыр.

«Жасыратыны жоқ, мектептердегі санитарлық тораптардың сапасына қатысты сұрақтар көтеріліп тұрады. Сондықтан экологиялылық, санитария, қолжетімділік және басқа да маңызды жағдайлар тұрғысынан қазіргі заманғы тәсілдер негізінде бірыңғай стандартты белгілеу бұрынан іске асырылып жатқан міндет», — деді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қаңғыған иттер төрт түлік пен құстарды қырып жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *