Елімізде жаңа оқу жылынан бастап мектептегі оқу бағдарламасы өзгермек. Кейбір сыныптарда пәндердің орындары ауыстырылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жоба қоғамдық талқылауға ұсынылды. Онда осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта «Көркем еңбек» пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілгені жазылған. Бұдан бөлек, оқу бағдарламасынан «Шет тілі» пәні алынып тасталынады.

“Қазақстандық білім беруді ағымдағы жаңғыртудың түйінді бағыттары – оқушыға түсетін оқу жүктемесін азайту, STEM білім беру тәсілдері, тәрбиелік компонент негізінде жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуды күшейту, білім алушыларды ерте әлеуметтендіру және кәсіптік бағдарлау, білім берудің инклюзивтілігін күшейту, тұрғылықты жеріне және оқыту тіліне қарамастан, сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету”, – делінген құжатта. 

Құжат 24-ші сәуірге дейін қоғам талқылауында болады. 

Тағы оқыңыз: Горький көшесі кеңейтіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x