Солтүстік Қазақстанда білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін вахтёрлер мен күзетшілерге жаңа талаптар енгізілді. Енді олар 45 жастан аспауы тиіс. Бұл өзгерістер техникалық сипаттамаларға қатысты конкурс ережелеріне енгізілген түзетулер аясында жүзеге асырылды. Білім ордаларындағы қауіпсіздік жайы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазіргі таңда кейбір мектептер мен балабақшаларды физикалық дайындығы төмен, жасы үлкен адамдар күзетуде. Мұндай қызметкерлер төтенше жағдайда тиімді әрекет ете алмайды, дейді баяндама оқыған СҚО ПД бастығы.

Мектеп күзетіне 45 жастан асқан адамдар жұмысқа алынбайды
Мектеп күзетіне 45 жастан асқан адамдар жұмысқа алынбайды

«Кейбір білім беру объектілерін егде жастағы адамдар күзетуді жалғастырып келеді. Олар еңбек шарттарын қайта жасасу арқылы күзет құрылымдарының құрамына кіріп алған. Егер нақты қауіп төнсе, олар физикалық тұрғыда дайын емес. Шабуылдың немесе террористік актінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдай алмайды», – деді Айдын Қабдолдинов.

Бұл проблема бар және ол жан-жақты қарастырылып, шешім қабылдануда. Білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанованың айтуынша, қазір білім беру мекемелерінде вахтёр не күзетші болып жұмысқа кіру үшін 45 жастан аспаған азамат болу керек.

Мектеп күзетіне 45 жастан асқан адамдар жұмысқа алынбайды
Мектеп күзетіне 45 жастан асқан адамдар жұмысқа алынбайды

«Қазір жаңа, өзгертілген талаптарға сәйкес, оқу ордаларын күзетуге 45 жастан аспаған азаматтар алынады. Бұл өзгерістер мамыр айынан бастап енгізілді. Жеке күзет агенттіктерімен де шарт осындай келісіммен жасалады. Күзет мәселесі – менің бақылауымда, барлық мекемелер тексеріледі», – деді білім басқармасының басшысы.

Айта кету керек, облыста дабыл түймелерімен 398 білім беру нысаны жабдықталған, бұл – білім беру нысандарының 72%-ы. Жеке күзет ұйымдарымен 160 мектеп қамтамасыз етілді, қалғандарында күзетті штаттық қызметкерлер – вахтёрлер мен күзетшілер жүзеге асырып жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл мұғалімі алаяқтарға 14 млн теңге несие алып берген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *