Мектеп аттестатын цифрлы түрде алуға болады

Оқу ағарту  министрлігі енді негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатты цифрлы түрде алуға болатынын мәлімдеді. Құжаттар eGovMobile мобильді қосымшасындағы жаңа Bilim қызметінде қол жетімді болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Министрлік мектеп түлектерінің аттестаттары цифрлық форматта осы жылдан бастап қолжетімді болатынын алға тартты.

«Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасында жаңа Bilim сервисіне өту қажет. Онда «Менің балаларым» бөлімінде кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін цифрлық құжаттары қолжетімді болады»,- деп атап өтті цифрландыру департаментінің директоры Майра Маралбаева.

Bilim қызметі қолданбада шамамен бір ай бұрын іске қосылды. Ол білім туралы ақпаратты, сандық құжаттардан тұратын бірнеше бөлімдерді қамтиды.

Тағы оқыңыз:Маусымдық аллергия кезінде не істеу керек? Маман кеңесі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x