Мекемеде жағымсыз иістер, ылғалдылық жоқ: СҚО-да тасқыннан кейін түрмеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысында тасқын кезінде Заречный кентіндегі  №66 және №48 мекемелерін және  Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы №52 мекемесін су басқан болатын. Бұл үш нысан да жазасын өтеушілерге арналған. Қазіргі кезде тасқыннан кейін жөндеу, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Су тасқыны кезінде аталмыш түзету мекемелері су астында қалған болатын.  Ондағы барлық сотталғандар Петропавл қаласына эвакуацияланған еді. Тілсіз жау 2 метр биіктікке дейін көтеріліп, нысандарға айтарлықтай зақым келіпті.

«Жоғарыда аталған мекемелер 1970-1980 жылдары салынған. Барлық  объектілері су астында қалды, су деңгейі 2 м-ден астам биіктікке жетті.  Нәтижесінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілері ағымдағы және күрделі жөндеуді қажет етеді. Бүгінгі таңда мекемелерде бөлінетін бюджет қаражатынан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жөндеу жұмыстарына қолдау көрсетіледі»,-деп нақтылады  СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті  бастығының  орынбасары, әділет подполковнигі Виталий Алексеев.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр екен. Мекемелерді жылыту маусымына дайындау да қолға алыныпты.  Сондай-ақ су жылыту жылытқыштары есебінен ыстық су бар. Сотталғандар тұратын  үй-жайлар құрғақ, ылғалдылық жоқ,- деп отыр ҚАЖД мамандары.  Петропавл қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы да түзету мекемелерін тексеріп, тұруға  жарамды  деген шешім шығарған.

«Мекеме объектілері қалпына келген кезде, сондай-ақ жоғарғы қабаттар су тасқынынан зардап шекпеген жерлерде арнайы контигнет күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды ұстау үшін біртіндеп қайтарылады. Сондай-ақ мекеменің кәріз магистраліне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мекемеде жағымсыз иістер жоқ. Заттық жабдықтау және төсек-орын жабдықтары қанағаттанарлық жағдайда. Коммуналдық қамтамасыз ету объектілері дұрыс жұмыс істейді. Заттай жабдықтау, гигиеналық құралдар мен төсек-орын жабдықтары заттай нормалар бойынша беріледі»-дейді Виталий Алексеев.

Тағы оқыңыз: Утильалымға қатысты қоғамдық тыңдау 15 шілдеде өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x