Маусымдық аллергия кезінде не істеу керек? Маман кеңесі

Қазіргі кезде көп адамдарда маусымдық аллергия басталды.  Ол шаң-тозаңның көбеюіне, гүл мен шөптердің шығуына байланысты. Жалпы облыста бүгінде 620 адам аллергиясы бар деген есепте тұр. Бұл жағымсыз әсер кезінде не істеуге болады?Қалай қорғану керек?  Qazaqstan Media тілшісі мамандардың пікірін білді.

Жалпы аллергияны айтқан кезде, белгілі бір түрі жайында айту қиын. Себебі оның түрлері көп,ол аллергендерге байланысты. Мысалы,ингаляциялық —  өсімдік тозаңы,жануарлар мен құстардың жүні, үйдегі және даладағы шаң-тозаң, кенелер жатады.  Тағамдық,  инсектикалық, дәрілік және жұқпалы болып бөлінеді. Тұрмыстық химияға және түрлі металл материалдарына да аллергия болуы мүмкін.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс аллерголгы Жұлдыз Бахытжанова осылардың ішінде маусымдық аллергия, аллергиялық конъюнктивит, жедел және созылмалы есекжем, жанаспалы аллергиялық дерматит,  дәрілік аллергия, анафилактикалық шок  жиі кездеседі, дейді. 

«Аллергияның болуына адамның гендері басты рөл атқарады.  Молекулаларды дұрыс танымауға және оларға шамадан тыс жауап беруге бейімділік болған кезде аллергендер қозады. Аллергияның дамуында тері мен шырышты қабаттардың құрылымының бұзылуы белгілі бір рөл атқарады. Оны генетикалық тұрғыдан да анықтауға болады. Сонымен қатар, қоршаған орта факторлары – эпигенетика факторлары  да маңызды. Оған жатырдағы эмбрион жасушаларының микроортасынан бастап сырттағы барлық дүние әсер етеді. Тіпті, баланың ойнайтын ойыншығы, үй жануарлары, кір жуғыш ұнтақта адам организміне әсер береді»,- дейді Жұлдыз Бахытжанова.

Қазіргі кезде облыста 620 адам аллергиясы бар деген есепте тұр.  Ал, жағымсыз әсерді болдырмас үшін, маман мынадай кеңес береді: темекі шекпеу, таза ауада жиі серуендеу.  Антисептик пен антибиотиктерді көп пайдаланбау, құрамында антисептигі бар сабынды пайдаланбау. Жөнсіз диета ұстамау, егер балада жануарларға аллергия болмаса, олармен ойнауға рұқсат беру. 

«Емдеудің ең негізгі және тиімді әдісі-аллергенге тән иммунотерапия. Ол — аллергендерге иммундық жүйенің реакциясын өзгертуге және оларға ұзақ мерзімді төтеп беруге  бағытталған аллергияны емдеу әдісі. Иимунотерапия — үй шаңы, кенелерге, қайың тұқымдас ағаштардың тозаңына, шалғынды шөптерге, арамшөптер мен жусанға қарсы аллергияға тиімді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жануарлардың жүніне  аллергияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектер бар.  Бұрын мұндай емдеу шетелде жүргізілетін еді. Қазіргі уақытта бізде жануарларға аллергияны шетелдік препараттармен емдеу мүмкіндігі пайда болды»,-дейді маман.  

Аллегрия неден екенін білу үшін сапалы тексерістен өткен маңызды және бірден емдеуді бастау керек.  Аллергенді анықтаудың бірнеше жолы бар. Ол –қыс кезінде теріден сынама алу, IgE анықтау үшін қан талдауын алу.  

«Маусымдық аллергияның өршуі кезінде мүмкіндігінше аллергендермен байланысын болдырмау маңызды. Сыртқа шықпаңыз,үйдің терезелерін ашпаңыз. Сыртта әрдайым көзілдірік,маска,бас киім киіп, мұрынға арналған тосқауыл спрейлерін қолданыңыз. Және, әрине, тиісті симптоматикалық емдеуді таңдау үшін аллергологпен кеңесіңіз»,- деп кеңес береді  дәрігер.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық жастар жарыса жүріп қоқыс жинады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x