Маусым айында аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады. Ал сенбі күндері еңбек ететіндер 5 күн демалмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Маусым айында қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды. Осыған байланысты 1 күн демалыс беріледі. Бұдан бөлек, 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні атап өтіледі. Келесі күні — экологтардың мейрамы. 7 маусым – Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні; 23 маусым – Полиция күні; 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні. Ал маусымның 28-і — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда 34 жастағы әйел іздестірілуде