Мамлютка қаласында 4 сайлау участкесі  таңсәріден жұмысын бастады. Ол жерлерде 5300-ден астам адам дауыс беріп, өз таңдауын жасамақ. Жалпы, Мамлют ауданының әкімі лауазымына 3 кандидат сайлауға түсіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кандидаттардың 2-еуі партия атынан ұсынылса, үшіншісі өзін-өзі ұсынған.Жалпы, Мамлютка қаласында орналасқан 4-ші сайлау участкесіндегі науқанды 28 комиссия мүшесі бақылап отыр. Ол жерде саяси науқанға қажетті  барлық жағдай жасалған. Шаһарда 35 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олар өз үйлерінде дауыс береді деп жоспарланған. Мамлюткадағы  324 участке таң сәріден жұмысын бастады. Қазіргі уақытта тұрғындардың 10 пайызы дауыс беріп үлгерген. Жалпы, бұл участкеде 1614 дауыс беруші тіркелген.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x