Мамлют санаторлық орта мектеп-интернатында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты шеру және әскери эстафета өтті. Іс-шараға білім саласының  еңбек ардагерлері, мектеп қызметкерлері және ҚР Ұлттық ұлан академиясының  өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Фашизмді жеңген күннен бер і 80 жыл өтті. Оны жақындатқан, жеңіс туын желбіреткен жандардың ерлігі де, есімдері де ұмытылмайды. Тарихта алтын әріптермен қалған. Биыл Жеңістің 80 жылдығы ел көлемінде кең тойланып жатыр. Қазірдің өзінде түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі Мамлют ауданында өтті. Мұнда оқушылар мен әскерилер шеру және еске алу сағатын ұйымдастырды.

Мамлютка ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған жиын өтті
Мамлютка ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған жиын өтті

«Бүгін біз үшін ерекше мәні бар датаны атап өтіп жатырмыз. Ол миллиондаған адамдарға бейбіт   сыйлаған күн ретінде қымбат. 80 жыл бұрын біздің батырларымыз жеңіс күнін сыйлады.  9 мамыр — біздің мемлекетіміздің тарихындағы ең ұлы күн. Ерлеріміздің ерллігі ешқашан ұмытылмайды»,-деді жиынға арнайы қатысқан Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко.

Іс-шарада сондай-ақ Мамлют санаторлық орта мектеп-интернатының» негізін қалаушы Григорий Кубраковты еске алды. Ол 1920 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Есіл ауданы Петровка ауылында дүниеге келген. Облыстағы «КСРО Халық мұғалімі» жоғары атағын алған жалғыз ұстаз. Майданда ол аты аңызға айналған 314-ші атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан. Георгий Кубраков Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті болды. «Парасат», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен  марапатталған. Биыл оның туғанына 105 жыл толады.

Мамлютка ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған жиын өтті
Мамлютка ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған жиын өтті

«Мектепте 51 жыл жұмыс істедім. Осы білім ұясының негізін қалаған Григорий Кубраковпен әріптес болдым. Ол ұжымды бірлікте ұстай білді. Біз жасақ бойынша жұмыс істедік. Сондықтан, балаларға басқарманың мүшесі болып, жетекшілік етуге мүмкіндік берілді. 1987 жылы Григорий Максимовичке «КСРО-ның Халық мұғалімі» атағы берілді. Біз оны Мәскеудегі «Останкина» телестудиясында қорғадық»,-деді еңбек ардагері Нина Вдовенко.

Сонымен қатар, биыл мектеп ұжымы білім ұясының 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Жиналғандар аудан әкімімен гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, техникалық көрмені аралады.

Мамлютка ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған жиын өтті
Мамлютка ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған жиын өтті

Тағы оқыңыз: СҚО-ның бір ауылында  бруцеллезге байланысты шектеу енгізілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *